2022 жылғы 23 қарашада "Атамекен" экологиялық клубының студенттері және Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттік Парламентінің экология және еңбек фракциясының мүшелері ботаникалық бақта экологиялық еңбек десантын өткізді. Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесін, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Студенттер ботаникалық бақ қызметкерлеріне қолдан келгенше көмек көрсетті, жылыжайда, консерваторияда терезелерді жуды, сондай-ақ топырақты қопсытуды жүргізді. Алғыс белгісі ретінде, ботаникалық бақ студенттер үшін қызықты экскурсия ұйымдастырды.